Ақтөбе облысында қыс мезгіліне 542 техника дайын тұр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қысқа дайындық пысықталды. Барлығы 500-ден астам техника құтқару, қар аршу жұмыстарына жұмылдырылады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде қысқа дайындық мәселесіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасым мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 900-ден астам адам және 542 техника дайындалды. Соның ішінде төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімдерінде 175 адам мен өтімділігі жоғары 40 техника әзір.

«Барлығы 156 жылыту бекеті бар. Онда 10 мыңнан астам адамға көмектесуге мүмкіндік бар. Сонымен бірге 14 мың тонна инертті материал, 26 мың тонна жанар-жағармай қоры әзірленді. Комиссия барлығының жұмысын қарап шықты. Кемшіліктерді жою жұмыстары да жүргізілді. Өткен жылы 102 авариялық құтқару-іздестіру жұмысы жүргізіліп, 670 адам аман қалды. 400-ден астам техника қар құрсауынан шығырылды», - деді Қайрат Қасым.

Ақтөбе облысы бойынша әзірге қар құрсауында қалған техника болмады. Өңірде 38 мердігер қар тазалау жұмысын жүргізеді. Оларда 100-ден астам техника бар.

«Қар ұстау үшін жаз-күз айларында жол бойына ағаш егілді. Қысқа қажетті инертті материал бар. Жолдар ашық, әрі қарай да бәрі бақылауда болады»,- деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев.


Соңғы жаңалықтар