+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында құқықбұзушылық азайды - халықаралық конференция

2019 жылғы 18 мамыр 00:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында құқықбұзушылық азайды - халықаралық конференция

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Құқықбұзушылықты ескерту мен оның алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекет» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталмыш шара Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Конституциялық құқық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Марат Тағымов, Аграрлық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов қатысты.

Сондай-ақ онда Ақтөбе облыстық Полиция депаратаментінің бастығы Атығай Арыстанов, облыс прокуроры Марат Қайбжанов және жалпы 250-ге жуық мамандар қатысты. Конференцияға 12 ауданның әкімдері онлайн режимінде қатысып отырды.

Шараға қонақ ретінде Ресейдің Екатеринбург, Орынбор қалаларынан Максим Черепанов, Виталий Попов, Елена Мищенко сынды құқық саласының ғалымдары мен оқытушылар келді.

Жиын барысында құқықбұзушылықтың алдын-алу, онымен қалай күресу қажеттігі бағытында кең ауқымды мәселелер көтеріліп, олар бойынша өзара пікір алмасылды.

Онда азаматтардың тергеу жұмыстарының жүргізілуіне атсалысу белсенділігі төмен екендігі айтылып, нормативті-құқықтық реттеулерді азаматтардың қатысуымен жетілдіру, әлеуметтік желілерде заңдық талаптардың орындалу деңгейіне қатысты бірнеше мәселе талқыға түсті.

Мамандардың мәліметінше, елімізде қылмыс саны жылдан жылға азайып отыр. Оның ішінде Ақтөбе облысында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда құқықбұзушылық деңгейі 12,3% төмендеген. Мәселен, жыл басынан бері 4339 құқықбұзушылық тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 4978-ді көрсеткен.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ең бастысы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын іске асыру мақсатындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөл қажеттігін айтты.

«Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін қоғам болып күресу керек. Осы басқосу құқықтық мемлекеттің қалыптасуына қосымша қадамдар жасауға көмектеседі деп сенемін»,-деді облыс әкімі.

Конференцияға келген қонақтар аймақ басшысына жиынның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына алғыс айтып, басқосуды тұрақты түрде өткізілетініне сенім білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT