Ақтөбе облысында қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғы іске қосылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Жаңа газ турбиналық қондырғыны іске қосу арқылы орталықтың қуаты 118 МВт-тан 175 МВт-қа дейін ұлғаяды және жылына 423 млн кВтсағ көлемінде қосымша электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді. Маңызды жобаның құны — 20,9 млрд. теңге.

«Жаңа газ турбиналық қондырғыдағы барлық электр энергиясы қала тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Жобаның іске қосылуы нәтижесінде 40-тан астам жұмыс орны құрылды»,-делінген хабарламада,


Соңғы жаңалықтар