Ақтөбе облысында қой жүнінен жылу сақтайтын материал өндіретін зауыт салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында италиялық технология негізінде қой жүнінен жылу сақтайтын материал өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Қазақстандағы ең үлкен мәселенің бірі – қойдың жүнін өңдеу. Қай жерге барсаң да, қай ауылға барсаң да қоятын сұрақтары – қойдың жүнін өңдеу мәселесі. Осы мәселені шешу үшін біз италиялық компаниямен бірге жылу сақтайтын материалдар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың ортасынан кейін ауыл халқынан 2000 тоннаға дейін жүн жинауды көздеп отырмыз. Ол туралы ауылда тұратын азаматтардың бәрі жақсы біледі. Жобаны осы жылдың аяғына дейін салу жоспарланған», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар