Ақтөбе облысында коронавирустың «омикрон» штамы анықталған жоқ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы қазіргі кезде коронавирустың таралуы бойынша эпидахуалдың «жасыл» аймағында тұр. Өңірде індеттің «омикрон» штамы анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасының мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында VOCDelta және VOCDelta + штамының K417N «үнді штамы» бары анықталды. Ал «омикрон» штамы табылмады»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысы «жасыл» аймақта тұр. Бір тәулікте 34 жағдай тіркелді. Ақтөбе қаласымен қатар Алға, Байғанин, Мәртөк аудандарында ауырып, ем іздегендер бар.


Соңғы жаңалықтар