Ақтөбе облысында кен тасымалдап келе жатқан 22 вагон рельстен шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 31 шілдесінде сағат 02:10-да Ақтөбе жол бөлімшесі Никельтау-Әйтеке бір жолды учаскесінде Жоса-Құдықсай аралығында кен артылған 22 вагон жолдан шығып кетті. Барлық вагон Қазақстанға тиесілі, «Транском» ЖШС-ның меншігі, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқыс оқиға себебін тергеу үшін комиссия құрылды.  

Соңғы жаңалықтар