Ақтөбе облысында карантин шарасы жалғасады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азайды.

Бұл туралы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында өткен тікелей эфирде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінге дейін өңірде коронавирус жұқтырудың 172 жағдайы тіркелген. Коронавирус тың тарауы соңғы аптада 5 пайызды құрады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Өткен апталармен салыстырғанда вирусты жүұтыру жағдайлары төмендеді. Аймақ бойынша жағдай тұрақты. Егер алдағы аптада өсім байқалмаса, кезең-кезеңімен бірқатар кәсіпкерлік нысаны ашылатын болады»,- деді Н.Беркімбаева.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов елде төтенше жағдай режимі алынып тасталған күннің өзінде де Ақтөбе облысында карантин шаралары жалғасатын болатынын мәлімдеді.

«Тіпті төтенше жағдай режимі алынып тасталса да, Ақтөбе облысында карантиндік шаралар жалғасады. Бізде ескеретін бірқатар қауіптер бар. Бұған дейін біз біраз шағын және орта бизнес нысандарының қызметтеріне қойылған шектеулерді алып тастадық. 131 мыңға жуық адам жұмысқа шықты. Біз жеңілдетудің 1-2 кезеңінің динамикасын байқадық, кәсіпкерлер мен азаматтар осы жағдайға жауапкершілікпен қарағанын көрдік. Егер осы үрдіс одан әрі жалғасса, режимді жеңілдету бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады», - деді Қ.Бекенов.


Соңғы жаңалықтар