Ақтөбе облысында қанша бала мен жүкті әйелге вакцина салынуға тиіс

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 46 мың бала мен 4 мың жүкті әйел вакцинациялауға жатады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына барлығы 767 мың доза вакцина жеткізілді.

Оның 507 мың дозасы - Спутник V, 41 мыңы - QazVac, 56 мыңы - Hayat-Vax, 22 мыңы - CoronaVac, 141 мыңы - Sinofarm вакцинасы.

Облыс тұрғындарының 327 мыңнан астамы бірінші, 300 мыңға жуығы екі компонентін де қабылдады.

«Pfize вакцинасы қараша айының соңына жеткізілуі мүмкін. Барлығы 46 мыңға жуық бала, 4 мың жүкті әйел вакцинациялауға жатады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айтып өтейік, қазіргі кезде 71 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған болса, оның төртеуі ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сонымен бірге 12 жүкті әйел дәрігерлер бақылауына алынған.

«Үш жүкті келіншек те қазір жансақтау бөлімінде. Жағдайы тұрақты ауыр. Ем қабылдауын жалғастырып жатыр», - деді Бекболат Ізбасаров.

Қазір Ақтөбе облысы бойынша инфекциялық кереует жүктемесі - 42,3%, ал жансақтау бөліміндегі жүктеме 37,7% құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар