+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында халық саны 900 мыңнан асты

2021 жылғы 19 қазан 20:56
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында халық саны 900 мыңнан асты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері өңір халқының саны 8,3 мыңға артып, бүгінде 900 мыңнан асып отыр. Өңірде табиғи өсім байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 900 мыңнан астам адамның 72% жуығы қалада тұрады.

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бойынша жалпы халық саны 8,3 мың адамға немесе 0,92% өскен.

«2021 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында облыс халқының табиғи өсімі 9,2 мың адамды құрады. Осы аралықта 15 мыңнан астам бала өмірге келді. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда табиғи өсім 28,5 %, бала туу көрсеткіші 13,9 % өсті, өлім-жітім 10,5% азайды. 4 мыңнан астам адам неке қиылды. Ажырасу саны 20,5% кеміді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы облыс ішіндегі көші-қон мәселесіне тоқталсақ, 20 мыңға жуық адам көшіп келсе, 21 мыңнан астамы көшіп кеткен.

Жалпы өңірге өзге елден 300 адам келсе, 1491-і өзге жаққа қоныс аударды. Шетелден 100-ден астам қазақ көшіп келсе, тағы 75-і шекара асқан.

«Өңіраралық көші-қонда есепті кезеңде келгендер саны 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,9% өсті (2021 жылы – 4174 адам, 2020 жылы – 4058 адам), кеткендер саны 13,1 % өсті (2021 жылы – 4786 адам, 2020 жылы – 4231адам), көші-қон сальдосы - 612 адамды құрады (2020 жылы -173 адам).

2021 жылғы қаңтар-тамызда облыс шегінде тұрғылықты жерін өзгерткендер саны 15436 адамды құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамызда 14771 адам, немесе 4,5% көп», - деді Ақтөбе облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT