Ақтөбе облысында ГАЗель өртке оранып, жүргізуші көз жұмды

Редактор:  
Асхат Райқұл

Ақтөбе облысында ГАЗель өртке оранып, жүргізуші көз жұмды Видеодан алынған кадр/t.me/POLICE_of_KZ

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатының салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

«20 наурызда Самара-Шымкент тасжолында «ГАЗель» көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «ГАЗель» көлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.





Серіктестер жаңалықтары