Ақтөбе облысында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, 21 шілде күні күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақтөбеде 21 шілдеде күндіз найзағай ойнауы мүмкін, солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Дауыл тұру қаупі - 85-90 %.

Соңғы жаңалықтар