Ақтөбе облысында ерлі-зайыпты жоғалып кеткен

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Ойыл ауданы, Жарлы ауылынан Қаңбақсай ауылына шыққан ерлі-зайыпты Есетовтер жолда адасып кеткен. Оларды полиция мен ауыл әкімі іздеп, жолдан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

62 жастағы Біржан мен 55 жастағы Венера Есетовтер межелі жерге жете алмай қалған. Ұялы телефондары да байланыс аясынан тыс жерде болып, туған-туыстары алаңдаған. Оларды іздеп-табуға Байғанин, Темір және Ойыл аудандарының полицейлері жұмылдырылды.
«Темір ауданы, Тасқопа ауылдық округінің учаскелік инспекторы Жандос Айсеев олардың Қой ауылынан өткеннен кейін жоғалғанын анықтады. Осыдан кейін полицей ауыл әкімі Мәрзия Қожақовамен бірге ерлі-зайыптыны іздеуге шыққан. Жарты сағаттан кейін қар құрсауында қалған Нива көлігі табылып, тоңып қалған Есетовтер отбасы Тасқопа ауылының әкімдігіне жеткізілді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар