Ақтөбе облысында биыл 300 шақырым жол жөнделеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында биыл 300 шақырым жол жөнделеді. Сонымен бірге «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында елді мекен жолдары қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашов бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы жылдың жоспарымен бөлісті.
«Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жалғасады. Барлығы 300 шақырым жол қалпыны келтіріледі. Жол жөндеу кезінде «Ауыл - ел бесігі» жобасының мүмкіндігін кең қолданамыз», - деді Мәлімбет Ибрашов.
Өңір үшін «Ақтөбе-Атырау» тасжолының Ақтөбе-Қандыағаш қалалары арасындағы бөлігі ең маңызды. Екі аралық – 89 шақырым. Жол салу жұмыстарына 2 мердігер мекеме тартылды. Қазіргі уақытта байқау өтіп, құрылысшылар қажетті материалды жеткізуді бастады.
«Жоба құны – 60 миллиард теңге. Қазір дайындық басталды. Осы жылдың сәуір айында құрылыс жүргізіледі. Жол 4 жолақты болады. Екі жолақтан соң қоршау қойылып, қарсы бетке шығуды шектейді. Барлығы 9 өткел мен жолайрық болады. Құрылыс 2023 жылдың қараша айында аяқталады», - деді «Қазавтожол» ҰК»АҚ облыстық филиал директорының орынбасары Қазыбек Мамбетов.
- Түркістан облысында білім саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды
- Жалған көлік нөмірімен жүрген қызылордалық жылдамдықты 60 рет асырған
- Теміртау ЖЭО-сында қазандықтарды жөндеуге жылына 2,5-3 млрд теңге жұмсалады
- Жамбыл облысында 77 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды
-
«30 игі іс»: Атырауда 700 отбасы жыл бойы азық-түлікпен қамтылады
-
Өскеменде 2022 жылы Гематология орталығы ашылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам