Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында кеше кешкілік 7 бағытта жол жабылды. Бүгін оның тек біреуі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының Белогорка-Қарабұтақ, Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай, Қарабұтақ-Ырғыз, Ақтөбе-Орск бағытының Ш.Қалдаяқов-РФ шекрасы, Солтүстік айналма жолы мен Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, РФ шекарасы мен Шымкент аралығының Құршасай ауылы-Батыс Қазақстан облысы аумағы жабылды. Бүгін тек Ақтөбе-Орынбор тасжолы ашық.
«Самара - Шымкент тасжолында 800-ден астам жүк көлігі, 400-ге жуық жеңіл көлікте мыңнан астам адам қалып, олар жақын маңдағы кемпингке жеткізілді. Полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің көмегімен көбі діттеген жеріне жетті. Қарабұтақ ауылында 600 көлік бар. Жүргізушілер мен жолаушылар кемпингке орналастырылды. Сондай-ақ Ырғыз ауылы, Әлімбет шекарасында да адамдар бар. Хромтау ауданына облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев Трэкол көлігімен шығып, бақылады. Бір түнде 43 адам құтқарылды. Оның бесеуі бала. Сонымен бірге жүкті әйел жолда қалған. Ол да құтқарылды», - деп хабарлады обдыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар