Ақтөбе облысында бір жарым жылға жететін жемшөп дайындалады

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде биыл 2,7 млн тонна мал азығы дайындалады. Оның 80% жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жемшөп дайындауға қатысты жиын өткізіп, оған бірқатар мемлекеттік орган басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Облыс әкімі жемшөп дайындау, қорды жинау жұмыстарын жандандыруды атап өтті.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша барлығы 2,7 млн тонна немесе бір жарым жылға жететін шөп қоры дайындалады. Бүгінде оның 80 пайызы жиналды.

Оңдасын Оразалин жемшөптің халыққа қолжетімді бағада сатылуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Осы мақсатта аудан орталықтары мен басқа да елдімекендерде арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдеріне, құзырлы мемлекеттік органдарға астық жинау науқаны мен жылыту маусымына дайындықты ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Әсіресе әлеуметтік нысандарға көмір сатып алу және халықты қамту шараларын қабылдау тапсырылды.



Соңғы жаңалықтар