Ақтөбе облысында білім мекемелеріндегі асханалар жұмысына рұқсат берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында мектеп, колледж, университет ғимаратында орналасқан асханалардың жұмысына рұқсат берілді. Бүгін өңірде бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, Ақтөбе облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл жолы ауылдардағы мешіттерде өтетін жұма намазына қатысуға рұқсат бар. Алайда, талап бойынша адам саны 150-ден аспауы шарт.

«Бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат берілді. Тек адам саны 100-ден асып кетпеуі тиіс. Ал ауылдық жерлерде жұма намазы кезінде адам саны 150-ден жоғары болмауы қажет. Сонымен бірге театр, кинотеатр, концерт залдарының 50 пайызына адам жинауға болады», - деп жазылған облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бағылау департаментінің құжатында.

Бұдан бөлек, мектеп, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат берілді. Сауда, ойын-сауық орындарындағы мұз айдындарының қызметі де қайта жанданады. Мұнда әлеуметтік қашықтық сақталып, адамдар бетперде тағуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар