Ақтөбе облысында барлық бағыттағы жол ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында ауа райының жақсаруына байланысты барлық бағыттағы жолдар ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағандай, кеше түстен кейін өңірде ақ түтек боранға байланысты барлық бағыттағы жол жабылған болатын.

Кеше түнде төтенше жағдайлар қызметкерлері қар құрсауынан 172 адамды құтқарды.

ТЖ департаменті ақтөбеліктерге баратын жерлерін алдын-ала жоспарлап, жолға шықпас бұрын көліктерін тексеріп алуға кеңес береді.

Автор: Самал Ендібаева



Соңғы жаңалықтар