Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылында тұрғынға оқ тиіп, жараланды. Қазір қару қолданған күндікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Мөңке би ауылында болған оқиға қатысты тергеу басталғанын айтты. Алайда, оқиғаның мән-жайын нақтыламады.

«Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қылмыстық іс бойынша күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарақат алған адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқ оның қолына тиген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар