Ақтөбе облысында анасы мен баласын атып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында анасы мен баласын атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта 58 жастағы анасы мен 23 жастағы баласы оқ жарақатымен емханаға түсті. Екеуі 30 қазан күні түнгі сағат 1:00-де ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.

«Екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Олардың ішкі құрылысына зақым келген. Дәрігерлер ота жасап, денедегі оқ-дәріні алып шықты. Жағдайлары орташа қалыпты. Санавиация шақырудың еш қажеті болмады. Аудандық ауруханада барлық жабдық бар, дәрігерлер өз күшімен ота жасады», - деді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Айта кетейік, облыстық Полицияның баспасөз қызметі сәлден кейін қосымша ақпарат беретіндігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар