Ақтөбе облысында 70 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Саяси нәубет құрбандары жерленген Түйетау маңындағы дала өрті толықтай сөндірілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Евгений Овчарский мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дала өрті жаппай мола жайлаған Түйетауға жетпеген, таудың айналасындағы қураған шөптер өртенген. Белогорка және Шилі сай ауылдарындағы дала өрті 25-26 шілдеге дейін созылып, 70 гектар аумақты жалын шарпыды. Тілсіз жауды мемлекеттік өртке қарсы қызмет және ерікті өрт сөндірушілер сөндірді. Өрттің тұтану себептері тексеріліп жатыр», - дейді Е.Овчарский.

Жыл басынан бері өңірде 121 дала өрті болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 пайызға аз.

Е. Овчарскийдің айтуынша, биыл өрттің алдын алу шараларына 40 пайыз көбірек қаражат бөлінген. Қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, өртке қарсы құрылымдар үшін оқу-жаттығулар ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар