Ақтөбе облысында 5 үй мен 25 аула су астында қалды –арнайы комиссия тексеруде

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Арнайы комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы су кірген үйлер мен аула аумақтарын тексеруге кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, елдімекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған.

Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда: 14-19 наурыз аралығында 475 036 м3 еріген қар суы сорылды, 29 333 дана қап төселді, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 14 637 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөгет салынды, 593 550 мың текше метр қар шығарылды.


Соңғы жаңалықтар