+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында 489 бала КВИ жұқтырды

2021 жылғы 24 қыркүйек 17:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында 489 бала КВИ жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 51 жүкті әйел коронавирус инфекциясына шалдығуына байланысты ауруханаларда ем алып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да өткен тәулікте коронавирустан 5 адам қайтыс болды Павлодар облысында Ashyq көшбасшыларына түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді Алматыда коронавирус жұқтырған 1 мыңнан астам науқас емделіп жатыр

«Осы жылдың 24 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, өткен тәулікте КВИ-дің 137, оның ішінде өкпе қабуының 9 жағдайы анықталды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері облыста 32 130 ресми расталған жағдай тіркелді. Оның ішінде өкпе қабынуы – 3 447. Бүгінде 29 605 науқас жазылып шықты. Өкінішке қарай, пандемия басталғаннан бері 529 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 658 адам, оның ішінде жансақтау бөлімшесінде 84 науқас ем алуда. Карантиндік станционарда 4 адам жатыр. Бүгінде ауруханаларда ем алып жатқан жүкті әйелдер саны – 51. Оның ішінде реанимацияда 9 адам бар. Сонымен қатар 62 жүкті әйел үйден емделуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Өңір басшысы бірінші орынбасарының дерегінше, 2021 жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында облыс бойынша мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус инфекциясының 489 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Ақтөбе қаласында - 362, облыс аудандарында 127 бала ауырып жатыр.

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы анықталған 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшіріліп, үй карантиніне оқшауланды. Облыста карантинге жабылған ауысымдар мен мектептер жоқ. Осы жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында педагогтар арасында КВИ-дің 53 жағдайы тіркелді. Облыста мұғалімдер мен оқушылар арасында КВИ бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сонымен бірге барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талап сақталады», - деді Руслан Хамбаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT