Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан темір жол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі зақымданған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға «Атырау-Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызының кешігуіне әсер етті (Ембі стансасында орналасқан). Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұған ТЖД (9 қызметкер және 3 техника) және АПБ (2 қызметкер және 1 техника), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. «ҚТЖ» АҚ (2 қалпына келтіру пойызы және 49 қызметкер), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан (2 өрт сөндіру пойызы 16 қызметкер), ЖАО (3 қызметкер және 2 техника) жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар