Ақтөбе облысында 15 жасар оқушы асылып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында оқушы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 ақпан күні Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тұрғыны өз үйінің ауласында 2005 жылы туған ұлының асылып тұрғанын көрді.

«Оқиға орнына барған Кеңқияқ ПБ жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты құпия сақтап қалды.

Айта кетейік, көз жұмған бала Кеңқияқ орта мектебінде оқыған.


Соңғы жаңалықтар