Ақтөбе облысында 100-ден астам мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 122 мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінен 6 километр жерде, Ойыл өзенінің ортасында бірнеше жылқы мен сиыр қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.

Шақырту орнына құтқарушылар, техникалар мен моторлы қайық жіберілді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 12 жылқы мен 110 сиыр құтқарылып, қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.




Соңғы жаңалықтар