Ақтөбе облысына жетпеген сұйытылған газ контрабандалық жолмен шекара асқан

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында екі апта бұрын сұйытылған газ тапшылығы тіркелген болатын. Арнайы тексеру тобы сұйытылған газдың контрабандалық жолмен шекара асырылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығы мәселесі Үкіметке жетіп, өткен аптада Энергетика министрлігі екі қызметкерін өңірге жіберген болатын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев прокуратура да тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Ал бүгін «Ақтөбе ақпарат» орталығы сұйытылған газды шет елге астыртын өткізумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталғанын мәлімдеді.

«Үкімет пен Ақтөбе облысы əкімдігінің тапсырмасымен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі, ҚР Бас көлік прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, облыстық ІІД мен ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлерімен  жедел -іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізді.  Бірлескен іс-əрекеттердің нәтижесінде Ақтөбе бекетінде экономикалық контрабанда жасаған,  облыс халқының ішкі пайдалануына арналған  аса ірі көлемдегі сұйытылған газды өңір сыртына жəне шетелге заңсыз тасымалдап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді»,- деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, облыстағы газ желісі ұйымдарының аумағында жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары, яғни, тінту, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстау операциясы жүргізілген. 

Соңғы жаңалықтар