Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзеніне келіп құятын тұста орналасқан.
Қала халқының саны - 526 742 адам. (2022 жыл мамыр)
Байланыс коды +7 7132
Қаланың негізі Ақтөбе бекінісі ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, яғни Қарғалы өзеніне құятын тұсында қаланды. Қазір мұнда Алматы және Астана аудандары болып екіге бөлінген. Ірі өндіріс орындары мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен бірге көлік-логистика саласы жақсы дамып келеді. Құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан. Ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және Мұғалжар таулары арқылы өтетін нұсқаны таңдасақ Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады.
Ақтөбе қаласының әкімі –
Асхат Шахаров.