Ақтөбе облысы Үкіметтен қосымша бидай мен мал азығын сұрап отыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша биыл астық түсімі аз. Жергілікті әкімдік Үкіметтен 190 мың тонна үшінші сұрыпты бидай мен 65 мың тонна мал азығын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша егін ору жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі кезде жұмыстың 76 пайызға жуығы тәмам. Бір қиыны – түсім аз, бидай жеткіліксіз. Сондықтан жергілікті әкімдік алдын ала қамданып, Үкіметтен бидай мен мал азығын сұрады.

«Шаруалар гектарынан 5,7 центнер астық жинап жатыр. Барлығы 198 мың тонна астық қамбаға құйылды. Ауа райы жақсы болса, келесі аптада барлық жұмыс аяқталады. Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау секілді егіншілігі жақсы дамыған аудандардың үлесі басым. Күніне 9-12 мың гектар алқап шабылып жатыр. Түсім өткен жылдан аз болып, үшінші сұрыпты бидай сұралды. Ұнға осы сұрып қажет. Халық нансыз қалады деген қорқыныш болмауы керек. Сонымен қатар, 65 мың тонна жемдік астық сұралды. Бұл азық құсқа да беріледі», - дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Абтиев.


Соңғы жаңалықтар