Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Түркістан драма театрының құрылысы маусымда басталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Түркістанға сапары кезінде драма театр құрылысымен танысты. Бұл - өңірдің Түркістанға сыйы, тартуы.
«Театр құрылысы Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүріп жатыр. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы аумағы - 9700 шаршы метр. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынып жатыр. 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ болады. Оңдасын Оразалин жауапты мердігер мекемеге драма театрының көпшілік игілігіне дер кезінде берілуін әрі құрылысының сапалы жүруін тапсырды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы келер жылы қолданысқа беріледі.
- Әлібек-әлем немесе суретшіліктен – суреткерлікке
- Шахтинск қаласында автовокзал қалпына келтіріледі
- Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе жұмыс істеп тұр
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады
-
Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді
-
Елордалық шебер ерекше қуыршақтар жасайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам