Ақтөбе облысы «сары» аймаққа өткенімен карантин шектеуі жеңілдемейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы 31 наурыз күні «қызыл» аймаққа кірген еді, бүгін «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте тағы 130 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырғандар арасында 9 оқушы, 4 мұғалім мен 1 медицина қызметкері бар.

«Ақтөбе облысы «сары» аймаққа өтті. Дегенмен сақтық шарасын қатаң ұстануға шақырамын. Маска тағып, арақашықтықты сақтау қажет. Вакцина да вируспен күрес жұмыстары кезінде маңызды рөл атқарады. Талап бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен кезде апта бойы бақылауға мүмкіндік бар. Сондықтан карантин шектеуін жеңілдету туралы жаңа қаулы 3 мамыр күні шығуы мүмкін. Оған дейін «қызыл» аймақтың талабын орындаймыз», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Қазір Ақтөбе облысы бойынша 600-ден астам адам инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Оның 400-ден астамы Ақтөбе қаласында.

«Науқастардың 44-і жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 14-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Соңғы жаңалықтар