Ақтөбе облысы Ресейден дәрі-дәрмектің 25 түрін сатып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірде қажетті дәрі-дәрмектің 30 күндік қоры қалай жасақталғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда облыста індет жұқтырғандардың саны – 2753 болса, соның ішінде өкінішке қарай тоғызы қайтыс болды. Бірақ басым көпшілігі емделіп шықты. Қазір бізде небары 89 адам емделуде. Кешеден бастап бүгінге дейін мысалы 17 жағдай тіркелді. Бұл – 0,6 пайыз. Әрине, бізге пневмония бойынша салмақ түсіп тұр. Өңірде 7 773 науқас тіркелген. Соның 5 мыңы емделіп шықты. Бірақ әлі де провизорлық стационарда - 1600 науқас, күндізгі стационарда - мыңға жуық адам емделуде», - деді Оңдасын Оразалин Үкімет отырысында.

Облыс әкімінің сөзінше, провизорлық стационарлардың бәрі толығымен оттегімен қамтамасыз етілген.

«Індетпен күреске медициналық қызметкерлері барынша көптеп тарттық. Олардың жалпы саны – 2400-ден асады. Шілде айында ғана жалпы медициналық қызметкерлер 536 млн теңгенің үстемеақысын алды. Сонымен бірге пандемия уақытында медициналық университет дәрігерлерге үлкен септігін тигізіп жатыр. 200-ге тарта резидент ауруханалардағы жұмыстарға тартылған», - деді ол.

Оңдасын Оразалин сонымен қатар бүгінгі күні провизорлық және инфекциялық стационарлар «СҚ-Фармация» компаниясымен аптасына екі рет медикаменттермен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Алайда жергілікті бюджеттің есебінен РФ Орынбор облысынан біз ең қажет 25 түрлі 117 мың импорттық препаратты сатып алдық. Осының арқасында облыстағы барлық ауруханалар қажетті дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының 30 күндік қоры қалыптасты», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар