Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды
2022 жылғы 29 қаңтар 15:40

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына Абай Жүсіпов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Абай Қуатбайұлы Жүсіпов 1978 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады.

Орта және жоғары басшы құрамдардың әртүрлі лауазымдарында болды.

2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

2020 жылғы наурыздан бастап ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.


Jańalyqtar

MURAǴAT