Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды
2020 жылғы 8 желтоқсан 11:44

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ни заңға қарсы әрекет жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша «NurOtan» облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына Аркадийді Ниді «Nur Otan» партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынған.

Облыстық Саяси кеңес бюросының қаулысымен ол «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT