Ақтөбе облысы елордадағы жәрмеңкеге 214 тонна өнімін жіберді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – 21-22 қыркүйек күндері Ақтөбе облысының тауар өндірушілері Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жәрмеңкеге Ақтөбе қаласы мен 12 ауданның 20-дан астам тауар өндіруші қатысады. Жәрмеңке «Хан шатыр» сауда – ойын-сауық орталығының жанындағы арнайы белгіленген орында өтеді.

«Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы елордадағы базарлардың бағасынан 15-20 пайыз төмен болады. Жалпы 214,5 тонна өнім апарылады. Онда сүт және сүт өнімдері, ет, тіпті, қымыз, шұбат, ешкі сүті болады. Сонымен қатар ұн мен макарон өнімдері, шұжық, жылыжайда өсірілген қияр мен қызанақ жеткізіледі. Бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген автокеруен жолға шығады», - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жәрмеңкеге 65 тонна ет, 85 тонна картоп пен көкөніс, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна балық пен 10 тонна сүт өнімдері, 13 мың дана жұмыртқа жіберіледі. Жәрмеңкеде ақтөбелік өнерпаздар концерт қояды.



Соңғы жаңалықтар