+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылғы 30 қазан 19:26
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына Рүстем Исаев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне жаңа басшы келді Алматы облысының жастар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл жайында облыс әкімі баспасөз қызметінің Instagram парақшасы мәлімет таратты.

44 жастағы Рүстем Исаев - Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​

Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимация бөлімінде санитар болып бастаған.​

Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.​

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT