+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылғы 17 наурыз 11:18
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына жаңа әкім тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әйтеке би ауданы әкімінің лауазымына Дархан Ермағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Гүлмира Қалмұратова Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы әкімінің лауазымына ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімдерімен Дархан Ермағанбетов тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне аймақ басшысы таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Мемлекет басшысы бекіткен тапсырмаларды сапалы жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттігін айтты.

Дархан Ермағанбетов 1986 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық, «НАРХОЗ» АҚ университеттерінің түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының іс жүргізу инспекторы болып бастаған. Ақтөбе облысы білім басқармасының арнайы білім беру, интернаттық ұйымдар және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы лауазымында қызмет атқарған.

Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасарының бас маманы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, кейін облыс әкімі орынбасарының бас маманы болып жұмыс істеген.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы болды. 2014-2019 жылдары Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болса, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымын атқарды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT