Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесі жабылды - «Қазақавтожол» РМК

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, сағат 16.30-дан (Астана уақытымен) бастап қолайсыз ауа райы салдарынан «Самара-Шымкент» автожолының 612-719 шақырымындағы «Қобда-Ақтөбе қ.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар