Ақтөбе облысы аумағында қоғамдық көлік түрлері үшін жол жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түске қарай боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағында көлік қозғалысы шектелді.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, аталған облыс аумағында қоғамдық көлік түрлері үшін жол жабылды. Боран басылғаннан кейін ғана олардың қозғалысы жанданады.

Бұдан бөлек, бүгін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Ал еліміздің өзге жолдары қазіргі кезде ашық және көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар