Ақтөбе облысы аумағында блокпостар жоқ - департамент

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Жайсаң және Әлімбет шекара бекетінде санитарлық-карантиндік бекет жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде Ақтөбе облысы аумағында блокпостар жоқ. Ал Ресеймен шекаралас екі аудан аумағында санитарлық-карантиндік бекет жұмыс істеп тұр. Олар: Қарғалы ауданындағы «Әлімбет», Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» шекара бекеті», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның екеуі де симптомсыз. Өңірде барлығы 3246 жағдай тіркелді. Оның 97,9 % жазылып шықты. Қазір үй карантиніне 41 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізіліп жатыр.
- Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
- COVID-19 шалдыққандарға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі талқыланды
-
Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр
-
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам