Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тергеуге алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттік Руслан Мамуновқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша тергеуді бастады. Қазір ол Нұр – Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің тергеу изоляторында отыр. Екі айға қамалды. Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр. Өзге ақпаратты бере алмаймыз», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов.

Еске салсақ, 2019 жылдың 14 қараша күні Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар