Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне Сәлімгерей Бекбергенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

54 жастағы Сәлімгерей Бекбергенов Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясын тәмамдаған.

Еңбек өтілін Алматы қаласындағы «Средазэнергомонтажстрой» трестінде слесарь-сантехник болып бастады. Әр түрлі жылдары БҚО Орал қаласы әкімінің орынбасары, БҚО Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, БҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының әкімі болды.

Жаңа қызметке тағайындалар алдында ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. Облыс әкімі О.Оразалин орынбасары Сәлімгерей Бекбергеновтің жұмысына табыс тілеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар