Ақтөбе облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұржауған Қалауов облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына және ҚР Президентінің жастар кадр резервіндегі Руслан Хамбаров облыс әкімінің экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Нұржауған Қалауов 1976 жылы туған. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік, Орталық-Азия, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеттерінің түлегі.

Еңбек жолын Темір ауданындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Темір ауданы білім бөлімінің методисті, Темір ауданы әкімінің аппаратында әлеуметтік сала және мәдениетті дамыту бөлімінің басшысы, аудан әкімінің көмекшісі, жалпы бөлімнің басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. Темір ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2008 – 2010 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі, 2010 – 2015 жылдар аралығында Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2015 – 2018 Мәртөк ауданының әкімі, 2018 жылдың ақпан айынан бері Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс жасап келді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 31 жастағы Руслан Хамбаровтың білімі жоғары. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «ҚазЦинк» ЖШС қаржы жөніндегі вице-президентінің көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің, Шығыс Қазақстан облыстық Салық департаментінің Өскемен қаласы бойынша басқармасының бас маманы, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қалалық Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, 2018 жылдың шілде айынан бері ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекекттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Еске салсақ, бүгін облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталып, тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар