Ақтөбе облысы әкімдігінде екі басқарманың басшылары ауысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында екі басқарманың жаңа басшыларын таныстырды. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, аймақтық Индустриялық- инновациялық даму басқармасының басшысы болып Дархан Ермағанбетов, Кәсіпкерлік басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Назаров тағайындалды.

Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы 1986 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде экономика магистрі дәрежесін алды.

2008 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласына келіп, білім және кәсіпкерлік басқармаларында түрлі қызметтер атқарды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Назаров Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін, Дьюка университетін (АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда облыстық Статистика басқармасында маман болып бастады. Кейін Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында мемлекеттік қызмет саласында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың ақпанына дейін Ақтөбе облыстық Индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, отырыс барысында облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева өз еркімен қызметінен кеткені хабарланды.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар