Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы Хромтаудағы эпизотиялық жағдайға қатысты түсініктеме берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында ірі қара малдан ауру анықтады. Облыстық ветеринария басқармасы ірі қараның жаппай уланғанын растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік белсенді Бақытжан Құрманов әлеуметтік желідегі парақшаға ірі қараның жаппай ауырып, жұмысшылардың оны сойып жатқан бейнематериалын жариялап жіберді. Көптің талқысына түскен бейнематериал Хромтау ауданы, Қопа селолық округінде болған.

«Ангус тұқымды ірі қара малы қырылып жатыр деген хабар жетті. Ірі қараның қандай ауруға шалдыққаны белгісіз. Қазір мал сойылып, Алға қаласындағы ет комбинатына жеткізіліп жатыр. Ақтөбедегі ветеринария қызметкерлері мән-жайды түсіндірмеді», - деп жазды Бақытжан Құрманов.

Кейін бұл оқиғаға байланысты Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы өз жауабын берді.

«Хромтау ауданы, Қопа ауылында орналасқан «АкТеп» ЖШС-ның асыл тұқымды ірі қара малдың жаппай ауруы тіркелді. Оның себептерін анықтау мақсатында облыстың ветеринар мамандары барып, жағдаймен жеке танысты. Жұмыс барысында «АкТеп» ЖШС-ның асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдары ауырып, оның 124 басы еріксіз пышаққа ілінгені анықталды. Жарып, сою барысында малдың ішкі құрылысындағы өзгерістер белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша мал уланған. Қазіргі кезде малдың жаппай ауруға шалдығуына байланысты оның негізгі себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сынамалар алынып, ветеринариялық зертханаға жөнелтілді. 19 тамыздан бастап малдың жаппай ауруы тоқтады, еріксіз сойылған малдың еті өртелді,  жойылды. Бүгінде эпизотиялық жағдай тұрақты бақылауға алынды»,- деп хабарлады басқармадан.

Соңғы жаңалықтар