Ақтөбе облыстық соттар әкімшілігінің бұрынғы басшысы сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық соттар әкімшілігінің экс-жетекшісі Қайыркелді Женалимов сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Қайыркелді Женалимовке қатысты істі тергеп, аяқтады. Ақтөбеде облыстық соттар әкімшілігінің экс-жетекшісіне сот үкімі шықты. Ведомствоның хабарлауынша, сотталушы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған және 12,6 миллион теңгенің құрылыс жұмысы аяқталмаса да, құжат бойынша қабылдап алған. Ол осы арқылы жеке кәсіпкерге басымдық беріп, соттың әкімшілік ғимаратының құрылысы үшін алдын ала ақша аударып жіберген.

№2 Ақтөбе қалалық соты Қ.Женалимовке 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі үкім шығарды. Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметті атқара алмайды.

Соңғы жаңалықтар