Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы келді. Аталмыш қызметке полиция полковнигі Атығай Арыстанов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығы лауазымына полиция полковнигі Арыстанов Атығай Ғазымбекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин өзі таныстырды»,-деп жазды ресми өкіл.null

Оның жазуынша, Атығай Ғазымбекұлы көптеген басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Тәжірибесі мол. Әр жылдары ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, мүліктік қылмыстарға қарсы күрес бөліністерінде жұмыс істеп, қылмыстық іздестіру бөліністерін басқарды.

Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция басқармасының бастығы, Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Соңғы 3 жылда орталық аппаратта Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, Экстремизмге қарсы күрес департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

«Министр жаңа басшының жұмысына сәттілік тілей отырып, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау, облыстағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресте азаматтардың құқығын қорғауға қажетті барлық шараларды жүзеге асыратынына сенім білдірді!

Естеріңізде болса, осыдан сәл бұрын Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Абисатов Маxамбет Хайыржанұлы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын»,-деп хабарлады министрлік өкілі.

null

Соңғы жаңалықтар