Ақтөбе облыстық Мемлекеттік мүлік департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Айбек Сағиев тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айбек Сағиев 1974 жылы Темір ауданында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және Қазақ-орыс халықаралық университетін экономист және заңгер мамандықтарымен бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. 1997 жылы мемлекеттік қызметке ауысқан. 1997 жылдан 2008 жылға дейін Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасында, Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2008-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе қаласындағы Өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментін басқарған.

2010 жылдан 2013 жылға дейін Ақтөбе облысының Қарғалы, Алға аудандарының әкімі болды.

2013 жылғы шілдеден 2016 жылға дейін «Ақбұлақ» АҚ президенті болып қызмет атқарды.

2016 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар