+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы келді

2021 жылғы 14 мамыр 22:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы болып Әділет Отарбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-ның Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды Ақан Абдуалиев Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Әділет Әділбекұлы 1981 жылдың 9 наурызы күні Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп, сол жылы еңбек жолын жергілікті компаниялардың бірінде менеджер қызметінен бастаған. Кейін 2006 жылы келісімшарт бойынша әскер қатарына шақыртылып, Ақтөбе облысы қорғаныс істері департаменті қызметін жалғастырады. Әр жылдары аталмыш департаментте әскерден тыс дайындық бөлімше бастығы, келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру бөлімі бастығы, Мәртөк аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте келісімшарт бойынша әскери қызметке алу және шақыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамени бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы қызметінде болған. ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT