Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры болып Дана Бекбауова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰКП басқармасының шешімі және Өңірлік кеңестің келісімімен облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры болып Дана Бекбауова тағайындалды. Дана Бақытқызы Бекбауова 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы және несие. Банк ісін ұйымдастыру»мамандығы бойынша бітірген. 2002-2022 жылдары «Ақтөбе әйнек» ЖШС директор орынбасары, «Ақтөбе қаласындағы жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, Ақтөбе қаласындағы «АТФ Банк» АҚ, Ақтөбе қаласындағы «Каспий банкі» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АФ жұмыс істеді. 2011-2019 жылдар аралығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалын басқарды. ӨКП директоры болып тағайындалғанға дейін «Рамазан» ЖШС бас директорының орынбасары болды.

Өңірлік кеңес төрағасы Асхат Айтжанов өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысын құттықтап, жетістік тіледі. Өңірлік кеңес отырысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы да қатысты. Ол облыс әкімдігінің жұмысы бизнес және «Атамекен» палатасының өкілдерімен тығыз әрі достық ынтымақтастықта жүріп жатқанын атап өтті. Бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруда сабақтастықтың одан әрі сақталатынына сенім білдірді.



Фото: diapazon.kz

Соңғы жаңалықтар