Ақтөбе облыстық ІІД тергеуді электрондық форматта жүргізеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуге көшті. Бұл жаңалық тергеуге көп уақыт жұмсап, қағазбастылықты қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Е-қылмыстық іс» бағдарламасы қылмыстық процестің барлық сатысын: қылмысты тіркеуден бастап, оны тергеу және үкімді орындауға дейінгі кезеңді қамтиды.

«Қылмыстық процесті цифрландыру тұрғындарды алаңдатқан бірқатар мәселелерді шешуге, сондай-ақ дәлелдерді жинау және процессуалдық құжаттарды толтыру процедураларын оңтайландыруға, іс материалдарын бұрмалау қаупін төмендетуге, тергеу және сот органдарының материалдық шығындары мен жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Құралбек Шарбақов.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 131 қылмыстық іс «Е-қылмыстық іс» форматында тергеліп жатыр, оның 25-і аяқталған.

«Е-қылмыстық іс» жобасы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында елдегі цифрлық технологияларды дамыту бойынша жүзеге асырылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар